Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы осыдан 3 жыл бұрын жарияланған болатын. Елбасының рухани жаңғыртуға жетелейтін бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше басымдықтарын айрықша атап айтқаны баршаға белгілі.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Осынау бағдарламаны жүзеге асыруда білім алушыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа тәрбиелеп, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз. Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында бірқатар жоба қарастырылған. Бүгінде еліміздің барлық аймағында Рухани жаңғыру кеңсесі ашылып, мекеме осынау жобалар негізінде іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып отыр. Соның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы. Республикалық конкурсқа Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысқан болатын. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан қатысқан Илхом Пайзахматов, Медет Мұратбек және Бексұлтан Мықтыбек 1-орынды жеңіп алса, Нұрбақыт Назарбаев 2-орынды еншіледі. Жеңімпаздар Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.«Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн фестиваліндегі ән додасында өнер көрсеткен Вашингтон қаласының тұрғыны Nika Davidhizar Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орындады. Дәл осы шығарманы орындауда әнші құдды бір өз ана тілінде ән салып тұрғандай әсер қалдырды.
Сонымен бірге осынау бағдарлама аясында ұйымдастырылған шараның бірі – Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн фестивалі. Шәмші әндерін орындаушылар қатарын толықтырған осынау фестиваль де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. «Менің Қазақстаным» эстрадалық әндерді орындаушылардың онлайн фестиваліндегі ән додасында өнер көрсеткен Вашингтон қаласының тұрғыны Nika Davidhizar Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орындады. Дәл осы шығарманы орындауда әнші құдды бір өз ана тілінде ән салып тұрғандай әсер қалдырды. Әр дауыстың өзіне тән бояуы, күші, тазалығы, икемділігі болса осы Nika Davidhizar-дың дауысы «Бақыт құшағында» әнімен бар қарым-қабілетімен ашылған. Сондай-ақ Кабардин-Балкар Республикасының атынан өнер көрсеткен Халимат Гергокаева «Өмір-өзен», Ресей Федерациясы Санкт-Петербор қаласынан Ольга Блохина «Кешікпей келем деп ең» әндерін өте жоғары деңгейде орындап шықты. Қырғыз елінің әншісі Жийдеш Мұратқызы, Алтай Республикасынан «Чуя» тобы тыңдарманның ыстық ықыласына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласынан Асылхан Шалқаров, Оралхан Алтынбеков сынды танымал әншілер, Қызылорда облысынан «Экспресс» ансамблі, Шымкент қаласынан «Асыл әжелер» тобы Шәмші әндерін нақышына келтіре орындап, мерекенің шырайын келтірді. Фестивальге Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербор қаласынан, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Қарақалпақстан және Қазақстаннан жалпы 41 өнерпаз қатысты. Сонымен қатар ТМД мемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штаттары, Молдова, Моңғолия елдерінің әншілері өз өнерлерін көрсетіп, ыстық сәлемін жолдады. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар қала әкімінің арнайы дипломына ие болды.Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы