Жолда жүрегі тоқтап қалған жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды
Жолда жүрегі тоқтап қалған жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды
163
оқылды

Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«11 қарашада шамамен сағат 17:00-де Volvo жүк көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны «Шымкент-Самара» тасжолында кенеттен көз жұмды. Куәгерлер бірден жедел жәрдем және Сырдария аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүрек әлсіздігінен көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары болған жайттан хабардар», – деп хабарлады Полиция департаменті.   https://youtu.be/4PIlAmFHorc