Елордалық ару Miss Globe 2020 байқауына қатысады

Елордалық ару Miss Globe 2020 байқауына қатысады

Нұр-Сұлтан қаласының  тұрғыны Ажар Жұмабекова  Miss Globe 2020 халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

25 жастағы модель Қазақ ұлттық өнер университетін Хор дирижері мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бірнеше рет халықаралық сұлулық байқауында ел намысын қорғаған. Олардың қатарында  Оңтүстік Кореяда өткен Miss Super Talent, Қытайда өткен Miss Top Model сұлулық сайысы бар. Аталған халықаралық байқау Албанияда өтіп жатыр. Гранд  финал 12 қарашада өтеді. Ұйымдастырушылар сәнбикелердің  әр күнін жоспарлап қойған. Мәселен, олар бір күні  таланттар сайысына қатысса, келесі күні оқ атады, одан кейін сән  көрсетілімдері бар. Арнайы Албанияның көрікті жерлерін аралап, қайырымдылық шараларына қатысады. Әрине, пандемияға байланысты қатысушылар арақашықтықты қатаң сақтап, маска киеді.

А.ЖОЛДАС