15 жасар оқушы әкесінен аяғы ауыр болып, босанды. Қаланың білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жантүршігерлік жағдай Шымкентте болған.
«9-сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында босанды. Зорлық болды ма, болмады ма, айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр», – деді Шымкенттің білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Сауырбаева.Astana TV телеарнасының хабарлауынша, бұл жағдай туралы жұрт ер адам өз-өзіне қол салған соң айта бастаған. Қазір нәрестені оқушының анасы тәрбиелеп отыр.