Nur Otan: Жоғары оқу орындарындағы мәселені талқылады
Nur Otan: Жоғары оқу орындарындағы мәселені талқылады
261
оқылды

Партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері мегаполис жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының мазмұнды пікірталасына қатысып, еліміздегі жоғары білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағын талқылады.

Алматыны Қазақстанның студенттік астанасы деп санауға болады, қалада колледждерді есептемегенде 50-ден астам ЖОО бар, ал студенттер қала халқының қомақты бөлігін құрайды. Олардың едәуір бөлігін елдің басқа аймақтарынан білім нәрін сусындауға, ғылыммен айналысуға келгендер алады.    width= Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, пандемия әрбір жоғары оқу орны үшін елеулі сын болды. Әр мұғалім үшін қашықтан жұмыс істеу проблемаларды айқындауға үлкен септігін тигізді. Жоғарыдағы мәселелерді түсініп, жоғары оқу орындарының қызметін өзгерген жағдайларда ұйымдастыру бойынша стратегиялық шараларды талдау және әзірлеу маңызға ие. Онлайн режимде оқуға көшу жаңа сын болып қана қоймай, студенттер үшін де, оқытушылар құрамы үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты. «Біз жүргізген стресс-талдау қашықтықтан оқытуға көшу білім беру теңсіздігін шиеленістіргенін көрсетті. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерінің 10%-ының қажетті техникалық жабдықтары болмағаны белгілі болды, ал табысы төмен отбасылардан шыққан студенттер арасында бұл үлес 30%-ға жетті. Жоғары білімге қол жеткізу мониторингінің болмауы басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкіндігін және сапалы білім беру саясатын құруды шектейді», – деп атап өтті педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Такир Балықбаев.    width= Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың айтуынша, қазіргі заманғы қазақстандық жоғары білім берудің тағы бір маңызды проблемаларының бірі, оны кеңестік білімнен айтарлықтай ерекшелейтін тәжірибенің жетіспеушілігі болып табылады. Іс жүзінде теорияның артық болуы және өндірістік тәжірибенің жетіспеуі орын алады. Нәтижесінде жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа тұрумен қиындықтар туындауда. Өкінішке орай, кәсіпорындар мен университеттер жеткілікті байланыстар мен келісімдерге ие емес және көбінесе бір-бірін естімейді. Іс-шара соңында мегаполистің ЖОО өкілдері нұротандықтарға осындай талқылауларды тұрақты түрде өткізуді сұрады. Себебі, диалог, сындарлы талқылау қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесіндегі проблемалардың шешу жолдарын табуға көмектеседі.