Түркістан түркі жұртын тәнті етеді
Түркістан түркі жұртын тәнті етеді
145
оқылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтың «Елбасы және түлеген Түркістан» атты тақырыппен «Айқын» газетінде жарияланған мақаласы Елбасының Түркістанға деген құрметін айшықтап, көне қаланың қоғамдағы орнын тереңдете түскендей болды.

Былтыр арнайы Жарлықпен Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіткенде, тарихи шешімге әрісі айналамыздағы түркі тектес елдер, берісі қала тұрғындары айрықша қуанғаны есте. Сол сәтте кеудесін қуаныш кернегеннің бірі мен едім. Осы облыстың тумасы ретінде ғана емес, балалық шағымның куәсі болып қалған көне шаһардың қайта түрленуі төңірегіндегі бастаманы қос қолдап қолдағандардың қатарында болдым. Сеніміміз аз ғана уақыт ішінде ақталып, Елбасы  рухани қалаға арнайы келіп, қаланы көркейту жөніндегі жоба-жоспарымен бөліскен. Сол келісінде әр облысқа тапсырма жүктеп, сауапты істен бизнес өкілдерінің де шет қалмауын тапсырған еді.

Міне, айналасы бір жылдың ішінде көне қала адам танымастай өзгерді. Сәулеті келіскен ғимараттар бой түзеп, бір сөзбен айтқанда, шаңы шығып жататын тақыр даланы көз сүйсінерлік жаңа қалаға айналдырды. Қазір Түркістандағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Шаһар тұрғындарының түсіне кірмеген небір көрікті нысандар бой көтеруде. Бұйыртса, айналасы бес-алты жылдың ішінде қала жаңаша кейіпке еніп, келушілерді өз сәулетімен тәнті етпек.

Көпен ӘМІРБЕК, Еңбек сіңірген қайраткері, Президенті сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері