Nur Otan: Көпбалалы аналардың әрбір пікірі өте маңызды
Nur Otan: Көпбалалы аналардың әрбір пікірі өте маңызды
203
оқылды

Nur Otan партиясы Алатау аудандық филиалының алаңында «Бақытты отбасы» партиялық жобасының ерекшеліктері мен механизмі талқыланды. Кездесуге көпбалалы аналар, әйел кәсіпкерлер және қоғамдық қорлардың өкілдері қызығушылық танытып, көптеген мәселелердің шешімін айқындады.

Өз кезегінде Алатау ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Айбек Қазыкенов қатысушылардың пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір сұраққа толық жауап берді.    width= Кездесудің ұйымдастырушысы мен модераторы болған Жарқын Алдамбергенова «Алатау аналары» және «Аналарға көмек» аудан тұрғындарымен бизнес тақырыбында түсіндірме және оқыту жұмыстарын белсенді атқарғаны үшін өз алғысын білдірді. Жалпы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аудан тұрғындарының назарын өзіне аударуда.