Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне ылғалды циклон әсер етеді.
Кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, аяз болады. Солтүстікте бұрқасын соғады. Еліміздің батыс аймақтарына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы мүмкін. Еліміздің басым бөлігінде 10-18 градусқа дейін аяз, Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысында 2-13 градус аяз болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады.