Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды
127
оқылды

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 қараша күні таңғы сағат 9.00-де Алматы–Ташкент–Термез автожолының 725 шақырымында болған.

DaewooNexia автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне қарай аударылған. Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы қайтыс болды. Арасында кішкентай бала да бар.    width=

Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының себебін полицейлер анықтап жатыр.