2020 жылдан бастап елімізде МӘМС жүйесі енгізілді. Уәде етілгендей МӘМС жүйесі іске қосылған сәттен бастап салымшылардың барлығы дерлік медициналық көмекті дәрігердің тағайындауы бойынша тегін алуы тиіс. Алайда, МӘМС жүйесі енгізілген уақыттан бері тұрғындар арасында медициналық көмекті алу бойынша арыз-шағымдар, теріс пікірлер, наразылықтар легі азаяр емес. Бұдан бөлек, сақтандырылу жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қандай көмек алуға болатынынан хабарсыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан тұрақты түрде ақпараттық жұмыстар жүргізілгенімен, МӘМС жүйсенінен бейхабар азаматтар жетерлік. Осы ретте, «Шаңырақ» аналар мен ханымдар қоғамдық бірлестігі елімізде медицина саласындағы жүргізілген ауқымды реформа аясында халықтың медициналық сақтандыру жөніндегі хабардар болу деңгейін зерделеу мақсатында, сонымен қатар медицинаға жұмсалған қаражаттарының көлемін анықтау үшін «Қазақстандықтардың МӘМС-ке жұмсалатын шығынына талдау жасау арқылы бағдарламаны енгізудің тиімділігіне баға беру» атты әлеуметтік- зерттеу жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде, қоғамдық бірлестік әлеуметтік онлайн сауалнама әзірлеген. Мақсаты-медициналық сақтандырудың тиімділін анықтау, тәуелсіз баға беру. Осы орайда сілтеме бойынша өтіп, анонимді сауалнамаға қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтарын шақырамыз.