2003 жылы америкалықтар асырап алған қазақ қызы туған анасын іздеп, ел-жұрттан көмек сұрады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысы Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған. Асырап алған ата-анасы АҚШ-қа барған соң Әсемнің есімін Сара деп өзгерткен. https://youtu.be/9VT1eRgXX2k«Бәріңе сәлем! Мен, Сара, туған анамды іздеп тапқым келеді. Мені Есіктегі балалар үйінен асырап алған. Әкемнің атын білмеймін. 2002 жылы дүниеге келдім. 2003 жылы мені асырап алып кеткен. Туған анамның есімі – Саида Асылбекова. Қолымда бар құжаттарда анамның 1980 жылы дүниеге келгені жазылған. Есімім – Әсем Асылбекова. Бір дерегін білетіндер көмектессе екен, өтінемін, маған хабарласыңызшы», – деп жазған Әсем Асылбекова.