Шетелдерде жүрген Қазақстан азаматтары алдағы Мәжіліс сайлауына қатыса алады – СІМ

Шетелдерде жүрген Қазақстан азаматтары алдағы Мәжіліс сайлауына қатыса алады – СІМ

Шетелдерде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президентінің 21 қазандағы жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Шет елдерде Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады.

«ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 24-бабы 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендіріледі», - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік шет елдердегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұрайды.