Жеке үйлердің жағдайы жетіспей тұр
Жеке үйлердің жағдайы жетіспей тұр
[caption id="attachment_87273" align="alignnone" width="1080"] width= Астанадағы бес бала өртеніп кеткен үй[/caption] Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, республика бойынша 118 мыңнан астам жеке үйге пешті орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмысы жүргізілген. Тексеріс кезінде 334 мыңнан астам азаматқа нұсқау беріліпті. Бұл жер үйлердің иелері әлеуметтік осал топқа жатады. Еліміз бойынша 45 мың үйде 83 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталған. Екінші рет тексеріс жүргізілген кезде 118 мың үйдің 132-сінде министрлік өкілдерін үй иелері  кіргізбей қойған. 604 үйде ешкім болмаған. 101 мың үй өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбай пайдаланып жатқаны және 16 мың үйде бұзушылықтар бар екені анықталды. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарына  берілді. Айта кетерлігі, жылыту маусымы басталғалы бері яғни, 1-ші қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды. Соның салдарынан 47 адам көз жұмса, улы газбен улану салдарынан 7 адам көз жұмды. Өткен жылмен салыстырғанда өрт оқиғалары 7,3%-ға  өскен, сондай-ақ өрт кезінде адамдардың қаза болу оқиғасы 9,6%-ға азайған.  width= Жылыту маусымы кезінде жеке үйлерде өрт шығу оқиғалары Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қызылорда облыстарында айтарлықтай артып отыр. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында өрт кезінде қаза болғандардың саны артқан.  width= Таяуда Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал-1 елді-мекеніне барып, жер үйлердің қаншалықты қауіпсіздік шараларын сақтап отырғанын өз көзімізбен көріп қайттық. «Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды» демекші, елді-мекен тұрғындары мемлекеттен тиесілі жәрдемақыларын ала алмай отырғанын, тапқан табыстарының күн көруге әрең жетіп отырғанын, ауыз су тапшылығы сынды бірқатар мәселелердің басын қайырды. [caption id="attachment_87278" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Өзбекстаннан 2013 жылы келген оралманмын. Еліміз, жеріміз деп келіп едік. Бізді не суы, не жылуы жоқ, не жұмыс көзі жоқ Арқалыққа апарып тастады. Біз қартайған шағымызда тұра берерміз-ау, ал балалар жұмыс таппай сандалып Астанаға келді. Қызымның екі баласы бар. Күніне табатыны 500-700 теңге. Ай сайын ұлтарақтай бөлмеге 40 мың төлеп отырмыз. Оның не жылы суы, жуынатын жері жоқ. Аяз қатты болған кезде үйдің іші салқындап кетеді. Бұл елдің заңы да түсініксіз екен. Қызым күйеуімен ажырасамын деп жүргеніне 7 жыл болды. Күйеуі басқа қалада қашып жүр. Төлеп жатқан алименті де жоқ. Арыз жазсақ, қағазымыз қайтып келеді. Елге келіп жағдайымыз жақсара ма десек, керісінше болып шықты. Жұрттың алған 42 500 теңгесін де ала алмадық. Өзбекстанда жүргенде тұрақты табысымыз болып еді»,− деді Злиха Ахметова.
[caption id="attachment_87282" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_87280" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_87279" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Менің ешкімім де жоқ. Жалғызбын. Үкіметтен ІІ топтағы мүгедек болғаным үшін және зейнетақымды қосқанда 51 мың теңге аламын. Әкімдік жалғызбасты екенімді ескеріп, соңғы 5 жылда 3 тонна көмірді тұрақты түрде беріп келеді. Олардың қоятын талаптары бар. Үйді менен басқа адамдар тұрмауы керек. Нарықтағы жақсы көмірдің бағасы тоннасына 18 мың теңге. Үш тонна көмірді туған ағам алып берді. Алты ай қысқа 6 тонна көмірді жеткіземін. Үнемдеуге тура келеді. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталған»,  − дейді Исмайлов Ринат.
[caption id="attachment_87283" align="alignnone" width="1600"] width= Фото:Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_87284" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Осы жазда жолдасым қайтыс болды. Төрт баламен жалғыз қалдым. Пешті өзім жағамын. Оттың жанына балаларды жолатпаймын. Бір қысқа 15 тонна көмір кетеді. Мемлекеттен 130 мың теңге әлеуметтік көмек аламын. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балам үшін 40 мың теңге беріледі. Қосымша жұмыс жасайын десем, денсаулығым жарамайды. Әрі балаларды қарайтын ешкім жоқ. Әкімдік көмірге көмектессе екен деп үміттеніп отырмын», − дейді Гүлзия Теміртасқызы.
[caption id="attachment_87286" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_87287" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Әйелім бесінші баласына аяғы ауыр. 20 шаршы метрлік бөлмені 35 мың теңгеге жалдап отырмыз. Мемлекеттен көп балалы отбасы ретінде ақша аламыз. Өзім тұрақты жұмыс істемесем де, арасында қара жұмысқа ұсыныс болып жатса барамын. Шүкір, әйтеуір күн көріп отырмыз», − дейді Мұрат.
[caption id="attachment_87289" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]   [caption id="attachment_87290" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]   [caption id="attachment_87291" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_87294" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Астананың маңайында тұрсақ та ауыз су мәселесі әлі шешілген жоқ. Мына құдықты төмен орналастырған. Қыста қатып қалады. Мүлде сусыз отыратын кездеріміз де болады. Осы маңайда екі құдық бар. Соған сағаттап кезекте тұрамыз. Үкімет ауыз су мәселесін де шешіп бере алмай отырғанда, басқа газ тарту деген түсімізге де кірмейді», − дейді Көктал-1 елді-мекенінің тұрғыны.
  [caption id=" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]   [caption id="attachment_87293" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]