Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді, - деп жазылған Үкіметтің қаулысында. Қаулы 13 қарашада қабылданды.
"Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: "Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс - Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.