«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
119
оқылды
Елордада «Үркер-2020» ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. үркер Сонымен «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет жеңімпаз атанды. [caption id="attachment_87393" align="alignnone" width="1024"]Үркер © А.Мурзанов[/caption] «Жылдың үздік репортажы» аталымы Kyzylorda-news.kz порталының журналисі Нұрсұлтан Мықтыбаевқа, [caption id="attachment_87399" align="alignnone" width="1024"]үркер © А.Мурзанов[/caption] «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымы Strategy2050.kz порталы журналисі Қайрат Жандыбаевқа, «Жылдың үздік журналистік зерттеуі» «Время» газетінен Михаил Козачковқа бұйырды. [caption id="attachment_87400" align="alignnone" width="1024"]үркер © А.Мурзанов[/caption] Ал «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева «Жылдың үздік сұхбаты» аталымында, үркер«Sputnik Казахстан» агенттігінің тілшісі Тимур Ниталиев Жылдың үздік танымдық материалы» аталымында жеңімпаз болды. [caption id="attachment_87403" align="alignnone" width="1024"]үркер © А.Мурзанов[/caption] «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңімпаз болды. [caption id="attachment_87407" align="alignnone" width="1024"]үркер © А.Мурзанов[/caption] үркер«Жылдың үздік газеті» сыйлығы Жамбыл облыстық «AQ JOL» газетіне берілді. Сонымен қатар «Жылдың үздік журналы» «Жұлдыз» журналы жеңімпаз деп танылды Ал Шерхан Мұртаза атындағы номинация Қайнар Олжайға бұйырды. [caption id="attachment_87395" align="alignnone" width="1024"]Үркер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мұнан бөлек, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы «ТАСС» агенттігі мен «Kaznews» атты Моңғолиядағы қазақ тілді порталға берілсе, «Казахстанская правда» газетінің арнайы сыйлығы ардагер журналист Татьяна Костинаға табысталды. Үркер Айта кетерлігі, 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында ұйымдастырылған «Үркер» ұлттық сыйлығының 11 аталым бойынша қатысушыларынан 470 өтінім келіп түсті. [caption id="attachment_87398" align="alignnone" width="1024"]үркер © А.Мурзанов[/caption] Бүгін әр аталым үздігіне «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Ұлттық бәйгені ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.