Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды "Мой город" порталы. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, 1 қарашадан бері өңірде 45 бала COVID-19 жұқтырған. Оның 19-ы 5-10 жастағылар.
"Балалардың 80 пайызында симптом белгілері байқалмаған. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 1 қыркүйектен бері облыста 6 мектеп карантинге жабылды, олардың үшеуі аудандарда орналасқан. 7 тәрбиеші мен олардың көмекшілері, әрі мектепке дейінгі мекемелердің 7 тәрбиеленушісі вирус жұқтырған", - дейді Нұрлыбек Мұстаев.
"Ауру анықталған мектептер мен балабақшаларда дезинфекция жүргізілді, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.