СҚО-да қараусыз қалған көлікте түнеген әйелдің 5 айлық баласы балалар үйіне берілді

СҚО-да қараусыз қалған көлікте түнеген әйелдің 5 айлық баласы балалар үйіне берілді

Петропавлда 11 қарашада кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 35 жастағы әйел мен 29 жастағы бірге тұратын ер адамға қатысты ювеналдық полиция жинаған материалды қарастырды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.   Бес айлық баласы бола тұра екеуі де жұмыс істемейді, ішімдікті асыра пайдаланады. Екеуі ер адамның туысының үйінде тұрған, сосын мас күйде жанжал шығарғаны үшін үйден қуылған. Баратын жері болмаған екеуі 5 айлық баланы алып, қараусыз қалған автокөлік салонында түнеп шыққан. Қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тексерілгеннен кейін балалар үйіне жіберілді. Ал ата-анасы ішімдіктен бас тартуға, жұмысқа орналасып, тұрғын үй мәселесін шешуге уәде берді. Уәдесін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады.