Саясаттағы жаңа тұлғалар
Саясаттағы жаңа тұлғалар
191
оқылды

Шығыс Қазақстанда «Nur Otan» партиясының тізіміне алғашқы кандидаттар анықталды. Делегаттар партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің кемінде 30 пайызы және жастардың 20 пайызы ұсынылды.

Аумақтық конференциялар пар­­тияның 11 филиалында өтті (Се­­мей, Өскемен, Риддер қала­ла­рын­­да, Абай, Алтай, Аягөз, Бес­қара­ғай, Зай­­­сан, қа­­тонқарағай, Ұлан, Үржар ау­дан­дарын­да). Кон­фе­ренцияларда 2021-2025 жылдарға ар­налған 5 жыл­дық қа­лалық және ау­дандық сай­лауал­ды бағ­дарла­ма­лар бекітіліп, об­лыстық кон­ферен­ция­ға қатысу үшін деле­гат­тар сай­лан­ды. Конференцияны өткізу аясында Шы­ғыс Қазақстан облыстық мәс­ли­­ха­тының партиялық тізіміне прай­­ме­ризге қатысушы канди­дат­тар ара­сында жария дебаттар ұйым­дас­­тырылды. Көпшілік пікірсайыс­тар бары­сында кандидаттар қа­ланың, ау­данның, жалпы өңірдің әлеум­ет­тік-экономикалық дамуы­на бағыт­тал­ған бағдарламаларды ұсынды. «Праймериз» ақпараттық жүйе­сінде жасырын, электронды дауыс беру қорытындысы бойынша жеңім­­паз­дар анықталды. Олардың ара­сын­да шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығы және үкі­меттік емес ұйымдардың өкіл­дері бар.

Әбілмансұр ЖАСАН