Алматыда полиция бір көшені қоршауға алған
Алматыда полиция бір көшені қоршауға алған
116
оқылды

13 тамызда полиция Алматыдағы Гагарин даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысында орналасқан аумақты қоршауға алған.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаның себебін түсіндірді. Сөздеріне сенсек, аумақта белгісіз сөмке табылғаны хабарланған. Қауіпсіздік мақсатында полиция қоршауға алуға мәжбүр болған. – Қазіргі уақытта осындай хабарламалардан соң әрекет ету аясында оқиға орнына қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылды. Түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

                                                       М.ЖАЛҒАСҰЛЫ