Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Қызылжар сайлауалды бағдарламасын бекітті

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қараша 14, 2020
5
қаралым

Петропавл қаласының мәс­лихатына «Nur Otan» пар­тия­сының тізімінен әйелд­ер­дің 30 пайызы және жастар­дың 30 пайызы кірді.

«Nur Otan» партиясы Сол­түс­тік Қазақстан облыстық фи­лиа­лы баспасөз қызметінің мә­лі­метінше, партияның Петропавл қа­­лалық филиалы конференция­сы­­ның 94 делегаты партиялық ті­­зімге дауыс берді. Сондай-ақ об­­лыс орталығы бойынша пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасы бекітілді.

Петропавл қалалық мәс­ли­хат­тың партиялық тізіміне 27 нұ­р­отан­дық енді. Өкілдердің орташа жасы – 44. Араларында шағын жә­не орта бизнес, білім беру, ден­саулық сақтау, спорт, өнеркәсіп, ква­зимемлекеттік сектор сала­лары­ның өкілдері бар. Тізім 1 орын­ға 2 адам қағидаты бойынша қалыптастырылды.

Жалпы, облыс орталығы бойын­­ша праймеризге барлығы 106 адам қатысты. Олар сай­лау­шы­лар­мен 700-ден астам кездесу өт­кізді, нә­тижесінде 60-тан астам ұсыныс жи­налды. Олардың 30-ы Пет­ропавл қаласы бойынша «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

– Облыс орталығын дамыту­дың 7 басым бағыты болады. Сай­лауалды бағдарламада алдағы 5 жылға арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер, сондай-ақ Петро­павлдың негізгі проблемалық мә­селелерін шешу жолдары қам­тылған. Бағдарламаны іске асыру ор­нықты экономикалық дамуға қол жеткізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүм­кін­дік береді, – деді «Nur Otan» пар­тиясы Петропавл қалалық фи­лиалының төрағасы Болат Жұ­мабеков.

Конференция барысында облыстық мәслихаттың партия­лық тізіміне қосылуға 12 үміткер бақ сынасты. Пікірталас бары­сын­да олар тұрғын үйдің қолже­тім­ділігі, жолдарды жөндеу, ха­лықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық деңгейін арттыру мәселесін көтерді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Петро­павл қаласынан 9 адам облыс мәсли­хатына «Nur Otan» партия­сы­ның тізіміне енгізілді. Сонымен қатар аймақтық конференцияға делегаттар сайланды.

10-12 қараша аралығында СҚО-да партияның 14 аумақтық фи­лиалында конференция өтті, онда жергілікті мәслихаттарға пар­тиялық тізімдер анықталды. Бұған дейін 7 және 8 қарашада об­лыс бойынша 246 бастауыш пар­тия ұйымдарында жиналыс өтті.

Қалалық және аудандық пі­кірсайыстың жеңімпаздары 17 қарашаға жоспарланған облыстық конференциядағы пікірсайысқа қатысады. Өңірлік конференция­ның қорытындысы бойынша СҚО-дан Парламент Мәжілісі сай­лауына «Nur Otan» партиясы­ның тізіміне енетін праймериз кан­дидаттары анықталады.

Әбілмансұр ЖАСАН

Тегтер: Nur OtanҚызылжарсайлауалды бағдарламатізім

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен

Шымкенттегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды

Шымкенттегі жарылыстан қаза болғандар саны артты

«Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Орталық референдум комиссиясының төрағасы ТМД байқаушылар Миссиясы штабының басшысымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»