Жастар мен әйелдердің үлесі артты
Жастар мен әйелдердің үлесі артты
182
оқылды

Қызылордада «Nur Otan» қа­лалық филиалының ке­зек­тен тыс ХХVI кон­фе­рен­циясы өтті. Конференция жұ­мысына бастауыш ұйым­дарынан ұсынылған 90 де­­легат қатысты.

Алқалы жиында қалалық мәс­лихатқа партиялық тізім бекі­ті­ліп, облыстық мәслихат пен Пар­ламент Мәжілісіне пар­тия­лық тізімге пікірсайысқа қа­тысу­шы кандидаттар анықталды. Сон­дай-ақ облыстық партия фи­лиалының кезектен тыс өтетін ХХVII конференциясына қа­тысу­шы делегаттар сайланды. Ең жоғары рейтингісі бар прай­меризге қатысушылар қата­ры­нан Қызылорда қалалық мәс­лихатына 34 кандидаттан тұра­тын партиялық тізім түзілді. Оның құрамына қоғам қайрат­кер­лері, азаматтық сектор, БАҚ өкіл­дері кірді. Сапалық, сандық  құрамына  кел­сек, тізімдегі әйелдердің үлесі 2,5 есе артып, 15,7 пайыздан 38,2 пайыз­ға дейін, ал 35 жасқа дейін­гі жастар 2 есе – 10,5-тен 20,5 пайызға дейін өсті. Үміткерлердің ор­таша жасы 6 жасқа – 53 жастан 47 жасқа дейін жасарды. Қыз­мет­тегі 19 депутаттың 6-ы ға­­на жаңа партиялық тізімге енді. Ті­зімде білім саласы өкілдерінің үле­сі ба­сым – 26,5 пайыз, ШОБ өкіл­де­рі – 17,6 пайыз және тағы бас­қа­лары. Конференция барысында об­лыстық мәслихат пен Мәжіліске пар­тиялық тізімге үміткерлер ара­сында пікірсайыс өтті. Бірін­ші раундта қатысушылар өз­де­рінің сайлауалды бағдарлама­лары­ның негізгі тезистерін та­ныс­тырды, екінші раундта «сұ­рақ-жауап» түрінде пікірталас сес­сиясы өтті. 17 үміткердің іші­нен партия мүшелері «Прай­ме­риз» ақпараттық жүйесі арқы­лы қалалық квотаға сәйкес 10 кан­дидатты таңдады. Конференция барысында қа­лалық партия филиалының  сай­лауалды бағдарламасы бекітілді. Фи­лиал төрағасы, қала әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев атап өткен­дей, партияның қалалық сай­лауал­ды бағдарламасы праймериз ая­сында тұрғындардан түскен ұсы­ныстар­дың 82 пайызы еск­е­рі­ліп және  қа­ланы дамытудың не­гізгі 7 бағы­ты бойынша әзір­лен­ген. Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік фи­лиалдардың конференция кес­тесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәс­лихаттарға партиялық ті­зім­дер және әр өңірден Мәжі­ліс­ке ар­налған партиялық тізімге кан­дидаттар анықталады. Партияішілік іріктеудің бі­рін­ші кезеңіне 109 кандидат қа­тысты. Оның 30,2%-ы – әйелдер, 23,8%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйым­дарынан кандидат­тардың 35,7%-ы ұсы­ныл­са, 64,3%-ы – өзін-өзі ұсыну­шы­лар.

Әбілмансұр ЖАСАН