Той иелеріне – 7 миллион теңге айыппұл

Той иелеріне – 7 миллион теңге айыппұл

Ақтөбе облысында бір аптада 11 той иесіне 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мұның өңірдегі коронавирус жағдайына әсері бар. Өйткені өткен тәулікте 10 адамның індет жұқтырғаны анықталған. Оның алтауы – қала тұрғыны.

Облыстың бас мемлекеттік са­ни­тарлық дәрігері Нұрсұлу Бер­кім­баеваның мәлімдеуінше, ин­фек­ция жұқтырғандардың төртеуі – зей­нет­керлер. Оның айтуынша, олар қо­наққа барып, дүкен аралағаннан індетке іліккен. Қазір 263 ақ­тө­бе­лік үй карантинінде жатыр. «3-9 қараша күндері ара­лы­ғында мейрамханаларда 11 той өт­кізілген. Оларға 7,2 миллион тең­ге­ге айыппұл салынды. Қазір об­лыста эпидемиологиялық ахуал тұ­рақты. Егер біз бетперде тағып, ара­қашықтықты сақтасақ, жағдай қа­лыпты болады. Сондай-ақ өңір­де оқушылардан COVID-19 анық­тал­мады. Оқушы саны 300-ден ас­пай­тын мектептер дәстүрлі оқу тәр­тібіне көшеді. Қазір қаулы дайын­далып жатыр», – деді Нұр­сұлу Беркімбаева. Қанша жазалау шарасы жүріп, айып­пұл салғанымен, өңірлерде той тоқтамай тұр. Дәрігерлер ін­дет­ті жұқтыру ошағы той мен адам көп шоғырланған жер дегенімен ха­лық құлақ асар емес.

А.ЖОЛДАС