Түркістандық шаруалар лимон өсірді
Түркістандық шаруалар лимон өсірді

Соңғы жылдары Түркістан облысының шаруалары қазақ жерінде өсіріле бермейтін түрлі дақылдар мен жеміс ағаштарын көптен егуге мән бере бастады. Соның бір дәлелі, Сайрам ауданында орналасқан «Шымыр-Медет» жылыжайында лимон ағаштары алғашқы жемісін бере бастады.

Жылыжайдың жалпы көлемі 1 гектар аумақты құрайды. Он­да 2 000 түп лимон көшеті отырғы­зыл­­ған. «2017 жылы жылыжай ісін қол­­­ға алған болатынмын. Араға 3 жыл салып төккен тердің жемісін көру бақыты бұйырыпты, қуа­ныш­­тымын, әрине. Қандай да бір шаруа болмасын алдымен қызығу­шы­лық таныту керек. Өзім зейнет жа­сындамын. Еңбек еткен адам ға­на нәтижеге қол жеткізетіні анық», – дейді жылыжай иесі Зей­неп Жолдасова. Қайнарбұлақ ауыл округіндегі ли­мон бағы жабық топырақта өсі­рі­летін облыс көлеміндегі ең үл­кен жылыжай қатарына енген. Жы­лыжай ісі бүгінде отбасылық кә­сіп­ке айналған. Жоспар бойын­ша кәсіпкер өнім жиналса, облыс аймағы мен Шымкент қаласында саудалауды жоспарлап отыр.

Тельман БЕЙСЕНОВ, Түркістан облысы