Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Павлодар қаласын «қараңғылық» жайлаған

«Айқын» ақпарат
Қараша 14, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Павлодар

Биыл Павло­дар қаласын­да жол-көлік оқи­­ғ­асының сал­дарынан қа­за тапқан жаяу жүргін­ші­лер­дің саны артқан.

– Жүргізушілерге жауап­кер­ші­лік арттыру керек. Тұрғындар да жолдан өткен кезде абай болса екен дейміз. Жалпы, жаяу жүр­гін­шілердің қатысуымен облыс ор­талығында 175 жол-көлік оқи­ғасы тіркелді. Өкінішке қарай, 7 адам қаза тапты, – дейді жергі­лік­ті полиция қызметінің аға инс­пекторы, полиция капитаны Равиль Хасанов.

Қайғылы жағдайдың бір­қа­тары осы айда тіркелді. Осы ап­та­ның өзінде күн сайын түнгі уа­қытта көліктер соқтығысып, жаяу жүргіншілер жапа шегуде. Екі адам қаза тапты. Жәбір­лену­шілер тәртіп сақтап, бағдар­шам­ның жасыл түсіне өтсе де, ажал­дан құтыла алмады. Тұрғындар мұ­ны қала көшелерінің жарық­тан­дыру жүйесімен байланыс­ты­рып отыр. Дәлірек айтқанда, көп кө­ше жарықтандырылмаған, шам­дары істен шыққан.

– Қазір қаланы жарық­тан­дыру жүйе­сі сын көтермейді. Түн­гі уа­қыт­та көлікпен жүрудің өзі қауіпті бо­лып барады. Әсіресе, жауын-ша­шынды күндері қиын. Сал­да­рынан Павлодарда жол-кө­лік оқи­ғалары да көптеп тірке­лу­де, – дейді такси жүргізушісі Оң­­дасын Әубәкіров.

Көпбалалы отбасылардың балалары жолда тегін жүреді

Жалақысын талап етіп, таяқ жеген әйелге көмек көрсетілетін болды

Павлодарда автокөлік жуу бекеті қызметкерін еңбекақысын сұрағаны үшін ұрған

Павлодар қаласында көше­лерді жарықтандыру мәселесі ше­шімін таппай келе жатқанын  «109» бірыңғай байланыс орталы­ғының директоры Абзал Қабдраш та растап отыр.

– Биыл наурыз айынан бас­тап тұрғындардан қала көше­сін­де­гі жарықтандыру мәселесі бойын­ша 600-ге жуық өтініш, арыз-шағым түсті. Олардың ба­сым бөлігі – екін­ші Павлодар ата­­латын шағынаудан, Зеленст­рой аума­ғын­дағы көше­лер­ге қатысты бо­лып отыр. Жа­рық беретін шам­дар­дың орна­тыл­мауы, бар бол­ған­ның өзін­де олар­дың әлі күнге дейін қо­сыл­май тұрғаны анық­талды. Аула ішінде де жарық­тан­дыру бойын­ша мәселе көп. Бұл өт­ініш­тің бар­лығы Павлодар қа­­ласының тұр­­ғын үй-комму­нал­дық шаруа­шы­лық бөліміне жі­бе­рілді. Олар атал­ған мәселе­ден хабардар. Жыл­­дың соңына дейін барлық шам­­дар қосылады деп уәде беріп ке­леді, – дейді Абзал Қабдраш.

Уәде беру оңай. Орындалуы қиын соғып жатқан сыңайлы. Кү­ні кеше түнде жергілікті JEBE қоғамдық бір­лестігінің мү­шелері Павлодар қаласы бойын­ша ар­найы рейд өткізген. Нә­тижесі көңіл көншітерліктей емес.

– Түнгі 00.00-ден бастап бір­не­ше топқа бөлініп, Павлодар қа­ласын аралап шықтық. Қала ше­тіндегі шағын көшелерді айт­паған күннің өзінде, орталықта ор­наласқан Бұхар жырау, Ак.Бектұров, Иса Байзақов, Бек­ма­ханов, Щедрин, Урицкий сияқты кө­шелер жартылай тас қараңғы күй­­де тұр. Түнгі Павлодардың си­­қы – осы, – дейді қоғамдық бір­­­лестік өкілі, журна­лист Жұма­бек Сманов.

Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі кінәнің барлығын жеке кә­сіпорынға артып отыр.

– 2019 жылы қаладағы жа­рық­­тандыру жүйелері мем­ле­кет­тік-жекеменшік серіктестік ая­сын­да «Алта­ком Азия» ком­па­ния­сына сенімгерлік басқаруға бе­ріл­ген болатын. Олар қала кө­шесіндегі шамдарды төрт жыл­­ға жауапкершілігіне алды. Ра­сы­мен, қазір тұр­ғындар тарапынан осы салаға қатысты арыз-ша­ғым­дар түсуде. Дейтұрғанмен, қала бойынша бұған дейінгі жылдар­мен салыстырғанда жарықтан­дыру жүйесінің сапа­сы артып ке­леді. Тек, биыл орталық көше­лер­дегі шамдардың жарық беруі, қуа­ты әлсіз болып тұр. Салдары­нан бұл көшелерде жол-көлік оқи­ғалары тіркелуде. Аталған мә­селеге қатысты «Алтаком Азия» компаниясына олқылық­тың орнын толтыру туралы хат әзірлеудеміз, – дейді Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

Облыстық Полиция депар­таментіндегілер болса, жауапты мекемелерге хат жазумен әлек.

– Павлодар, Екібастұз, Ақсу қа­лалары бойынша түнгі уақытта арнайы тексеру жүргіздік. Оның нәти­жесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға кейбір кө­шелерге қосымша шамдар орнату бойынша 12 ұсы­ныс жолдадық. Бұдан бөлек, қосымша жарық беру құрыл­ғыларын барлық жаяу жүргіншіге арналған жо­лақ­тар­дың қасына орнату қажет. Ол жер­лерге ар­найы дыбыстық жо­лақ­тарды да орнатуды ұсынып отыр­­мыз, – дейді Әкімшілік по­ли­ция басқармасының бас­­шы­сы Дулат Төкенов.

Құзырлы мекеме мен серіктес ком­пания, құқық қорғау орган­дары бір-біріне хат жазып әлек бо­лып жатқанда, қала көше­лерін­де жол-көлік оқиғалары кө­бейіп келеді. Өкінішті-ақ.

Данияр ЖҰМАДІЛ,
Павлодар облысы

 
ID: 0
Тегтер: жол-көлікоқиғаПавлодарРавиль Хасанов.
Алдыңғы жаңалық

Тендер деп алданғандар

Келесі жаңалық

Жүктілікті жоспарлаудың өзектілігі артып тұр

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев бір топ шенеунікті қызметінен босатты

Сәуір 20, 2021
81 жас
Әлеумет

Көкшетауда ұлы 81 жастағы әкесін соққыға жықты

Сәуір 20, 2021
пара
Жаңалықтар

Жамбылда мүгедектен пара алған департамент басшысы мен бас дәрігердің орынбасары жазаланды

Сәуір 20, 2021
Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе өседі
Жаңалықтар

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе өседі

Сәуір 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев бір топ шенеунікті қызметінен босатты

Сәуір 20, 15:23

Көкшетауда ұлы 81 жастағы әкесін соққыға жықты

Сәуір 20, 15:15

Жамбылда мүгедектен пара алған департамент басшысы мен бас дәрігердің орынбасары жазаланды

Сәуір 20, 14:59

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе өседі

Сәуір 20, 14:59

Талап етілмеген депозиттер 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-ға аударылады

Сәуір 20, 14:33

Бауыржан Байбек белсенді Жанболат Мамайды жала жапқаны үшін сотқа беретінін айтты

Сәуір 20, 13:45

26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері қысқарады

Сәуір 20, 13:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Тоқаев

Тоқаев бір топ шенеунікті қызметінен босатты

Сәуір 20, 2021
81 жас

Көкшетауда ұлы 81 жастағы әкесін соққыға жықты

Сәуір 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»