Павлодар қаласын «қараңғылық» жайлаған
Павлодар қаласын «қараңғылық» жайлаған

Биыл Павло­дар қаласын­да жол-көлік оқи­­ғ­асының сал­дарынан қа­за тапқан жаяу жүргін­ші­лер­дің саны артқан.

– Жүргізушілерге жауап­кер­ші­лік арттыру керек. Тұрғындар да жолдан өткен кезде абай болса екен дейміз. Жалпы, жаяу жүр­гін­шілердің қатысуымен облыс ор­талығында 175 жол-көлік оқи­ғасы тіркелді. Өкінішке қарай, 7 адам қаза тапты, – дейді жергі­лік­ті полиция қызметінің аға инс­пекторы, полиция капитаны Равиль Хасанов. Қайғылы жағдайдың бір­қа­тары осы айда тіркелді. Осы ап­та­ның өзінде күн сайын түнгі уа­қытта көліктер соқтығысып, жаяу жүргіншілер жапа шегуде. Екі адам қаза тапты. Жәбір­лену­шілер тәртіп сақтап, бағдар­шам­ның жасыл түсіне өтсе де, ажал­дан құтыла алмады. Тұрғындар мұ­ны қала көшелерінің жарық­тан­дыру жүйесімен байланыс­ты­рып отыр. Дәлірек айтқанда, көп кө­ше жарықтандырылмаған, шам­дары істен шыққан. – Қазір қаланы жарық­тан­дыру жүйе­сі сын көтермейді. Түн­гі уа­қыт­та көлікпен жүрудің өзі қауіпті бо­лып барады. Әсіресе, жауын-ша­шынды күндері қиын. Сал­да­рынан Павлодарда жол-кө­лік оқи­ғалары да көптеп тірке­лу­де, – дейді такси жүргізушісі Оң­­дасын Әубәкіров. Павлодар қаласында көше­лерді жарықтандыру мәселесі ше­шімін таппай келе жатқанын  «109» бірыңғай байланыс орталы­ғының директоры Абзал Қабдраш та растап отыр. – Биыл наурыз айынан бас­тап тұрғындардан қала көше­сін­де­гі жарықтандыру мәселесі бойын­ша 600-ге жуық өтініш, арыз-шағым түсті. Олардың ба­сым бөлігі – екін­ші Павлодар ата­­латын шағынаудан, Зеленст­рой аума­ғын­дағы көше­лер­ге қатысты бо­лып отыр. Жа­рық беретін шам­дар­дың орна­тыл­мауы, бар бол­ған­ның өзін­де олар­дың әлі күнге дейін қо­сыл­май тұрғаны анық­талды. Аула ішінде де жарық­тан­дыру бойын­ша мәселе көп. Бұл өт­ініш­тің бар­лығы Павлодар қа­­ласының тұр­­ғын үй-комму­нал­дық шаруа­шы­лық бөліміне жі­бе­рілді. Олар атал­ған мәселе­ден хабардар. Жыл­­дың соңына дейін барлық шам­­дар қосылады деп уәде беріп ке­леді, – дейді Абзал Қабдраш. Уәде беру оңай. Орындалуы қиын соғып жатқан сыңайлы. Кү­ні кеше түнде жергілікті JEBE қоғамдық бір­лестігінің мү­шелері Павлодар қаласы бойын­ша ар­найы рейд өткізген. Нә­тижесі көңіл көншітерліктей емес. – Түнгі 00.00-ден бастап бір­не­ше топқа бөлініп, Павлодар қа­ласын аралап шықтық. Қала ше­тіндегі шағын көшелерді айт­паған күннің өзінде, орталықта ор­наласқан Бұхар жырау, Ак.Бектұров, Иса Байзақов, Бек­ма­ханов, Щедрин, Урицкий сияқты кө­шелер жартылай тас қараңғы күй­­де тұр. Түнгі Павлодардың си­­қы – осы, – дейді қоғамдық бір­­­лестік өкілі, журна­лист Жұма­бек Сманов. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі кінәнің барлығын жеке кә­сіпорынға артып отыр. – 2019 жылы қаладағы жа­рық­­тандыру жүйелері мем­ле­кет­тік-жекеменшік серіктестік ая­сын­да «Алта­ком Азия» ком­па­ния­сына сенімгерлік басқаруға бе­ріл­ген болатын. Олар қала кө­шесіндегі шамдарды төрт жыл­­ға жауапкершілігіне алды. Ра­сы­мен, қазір тұр­ғындар тарапынан осы салаға қатысты арыз-ша­ғым­дар түсуде. Дейтұрғанмен, қала бойынша бұған дейінгі жылдар­мен салыстырғанда жарықтан­дыру жүйесінің сапа­сы артып ке­леді. Тек, биыл орталық көше­лер­дегі шамдардың жарық беруі, қуа­ты әлсіз болып тұр. Салдары­нан бұл көшелерде жол-көлік оқи­ғалары тіркелуде. Аталған мә­селеге қатысты «Алтаком Азия» компаниясына олқылық­тың орнын толтыру туралы хат әзірлеудеміз, – дейді Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин. Облыстық Полиция депар­таментіндегілер болса, жауапты мекемелерге хат жазумен әлек. – Павлодар, Екібастұз, Ақсу қа­лалары бойынша түнгі уақытта арнайы тексеру жүргіздік. Оның нәти­жесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға кейбір кө­шелерге қосымша шамдар орнату бойынша 12 ұсы­ныс жолдадық. Бұдан бөлек, қосымша жарық беру құрыл­ғыларын барлық жаяу жүргіншіге арналған жо­лақ­тар­дың қасына орнату қажет. Ол жер­лерге ар­найы дыбыстық жо­лақ­тарды да орнатуды ұсынып отыр­­мыз, – дейді Әкімшілік по­ли­ция басқармасының бас­­шы­сы Дулат Төкенов. Құзырлы мекеме мен серіктес ком­пания, құқық қорғау орган­дары бір-біріне хат жазып әлек бо­лып жатқанда, қала көше­лерін­де жол-көлік оқиғалары кө­бейіп келеді. Өкінішті-ақ.

Данияр ЖҰМАДІЛ, Павлодар облысы