Тұрғындар мәселесін тыңдады
Тұрғындар мәселесін тыңдады

Nur Otan партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Елубай Әбілов Nur Otan партиясы Қарақия ау­дандық филиалының мә­жіліс залында қоғамдық қа­былдау өткізді. Қабыл­дауға Құрық ауылының әкімі М.Төлегенов және әр салаға жауапты бөлім бас­шы­лары мен мамандар қатысты.

Кездесу барысында 20 тұр­ғынның арыз-шағымы қаралды. Олардың басым бөлігі баспана мәселесі, жұмысқа орналасу, ауыл­ды көркейту, жер теліміне қатысты болды. Сондай-ақ қо­ғам­дық қабылдауда бірқатар азаматтардың мәселесі оңынан шешілді.

Қабылдауға келген Ақ­тау қаласының тұрғыны Нұр­дәулет Гельман өзінің «МРЭК» АҚ ме­ке­месінде жұ­мыс істейтінін айтты. Ол Ақтау – Құрық ара­­­сында қаты­нап жүр­ген­дік­тен, ауыл іші­нен жа­тақ­ха­на бе­рі­луін сұрады. Әңгіме ба­ры­сында Нұрдәулеттің арызы қа­нағат­тандырылды. Бұл мә­се­ле бойынша «Қа­рақия аудан­дық тұрғын үй-коммунал­дық шаруа­шы­лығы, Жолаушы кө­лігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ның бас маманы Н.Садақбаеваға тапсырма берілді.

Елубай Әбіловтің қабыл­дауында болған Ислам Әбдіғали үй кезегінде тұрып, одан заң­сыз шығарылып тас­тал­ға­ны­на наразы екенін жет­кізсе, 2 жастағы қызының құлағы на­шар еститінін айтқан Іңкәр Бикешова құлаққа тағатын ап­параттың жаңасын алуға жәр­демдесуін сұрады.

Құрық ауылының тұр­ғын­дары сонымен қатар Авиатор көшесінде жарық шамдарының жоқ екенін айтып арызданды. Бұл мәселе «МРЭК» АҚ ме­кемесімен толықтай ше­ші­летін болып келісілді. Ауыл азаматтары бірауыздан ба­лалар ойнайтын алаң сұрап, ес­кірген футбол алаңына да жөн­деу жұмыстарын жасау қа­жетін алға тартты. Өз кезе­гінде Құрық ауылының әкімі М.Төлегенов арнайы ко­мис­сия құрып, ау­ланы қарап, мәселенің оң ше­ші­мін табаты­ны­на сендірді.

Қабылдауға жазыл­ған­дар­дың басым көпшілігі жұ­мысқа орналасу бойынша кө­мек сұрады. Әрбір тұрғын­ның мәселесін мұқият тың­даған Nur Otan партиясы Маң­ғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Елубай Жақайұлы жауап­ты мекеме басшыларына тапсырма берді.


Әбілмансұр ЖАСАН