Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Асыраушы көбейсе, қараусыз бала азаяды

«Айқын» ақпарат
Қараша 14, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
бала

Соңғы уақытта елімізде же­тімдер саны азайған. Ресми де­­рек­терде 10 жыл ішінде ба­ла­лар үйінің тәрбиеленушілері 70 пайызға дейін кемігені көр­се­тіліпті. 2012 жылы 10 мың, 2017 жылы 6 мың­нан астам қа­­раусыз бала болса, 2019 жылы 4,9 мыңға төмендепті. Сәй­кесінше, жетімдер үйі де азайып келеді. 2009 жылы 213 же­тімдер үйі тіркелген, ал қазір олардың жартысынан астамы жұмы­сын тоқтатыпты. 2019 жылғы статистика мәліметтері бойынша, бар­лығы 107 балалар үйі бар екен.

Әрине, бұл – қуанарлық жағдай. Же­тімін жылатпаған елміз ғой. Қо­ғам қайраткерлері мен депутаттар да жетімдер үйі мүлде болмауы керек де­ген ұсыныс тастағалы біраз жыл бол­ды. Балалар үйі санының қыс­қаруы­на бала асырап алушылардың кө­беюі мен жеке, отбасылық жетім­дер үйінің саны артқаны басты себеп бо­лып отыр. Десек те, бала асырап алу­д­ағы бюрок­ра­тиялық кедергілер мен басқа да бөгеттер әлі де көп. Сол се­беп­­ті қанша­ма қаракөз шетел асып кетті.

Шетелге беріп, жетім азайттық па?

Осы уақытқа дейін 10 мыңға жуық қазақ баласын шетелдіктер асы­рып алған. 1993 жылғы 10 мамыр­да Гаагада қа­былданған «Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асы­рап алуын қолдау туралы» Кон­венцияға қол қойылғаннан кейін, біздің Конс­титуцияда өзгеріс пайда болды. «Не­ке және отбасы» заңының 76-бабы 2-тармағына «Балаларды Қазақстан Республикасының аума­ғында тұра­тын Қазақстан Республи­ка­сының аза­маттарына тәрбиелеуге беру мүм­кін болмаған жағдайларда ғана, шет­елдіктерге азаматтығы мен тұр­ғы­лық­ты жеріне қарамастан асы­рап алу­ға берілуі мүмкін» деген то­лық­тыру енгізілді. Осы бір ғана «мүм­кін» деген сөздің өзі шетелдік ба­ла асырап алушылардың Қазақ­стан­ға үйме­леуі­не алып келді. Бұл мә­селе 2002 жыл­ғы Парламент Мә­жілісінің жалпы оты­рысында тал­қы­ға салынып, «сә­би­лерді шетел­дік­терге бергенше, ең жа­қын туыстары­на беру керек» деген ұсы­ныс айтыл­ғанымен, Үкімет та­ра­пы­нан қолдау тап­қан жоқ. Со­лайша, 1999 жылдан бас­тап шет елден бала асы­рап алу­шылар елімізге ағыла бас­тады.

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?

«Ана» дегеннен басқа сөз айтпайды» – баланы аялдамаға тастап кеткен

2011 жылы шетел азаматтарының ба­ла асырап алу рәсімінің механизмі қарастырылатын «Неке (ерлі-зайып­тылық) және отбасы туралы» кодекс қабылданған. Содан бері талай қазақ баласы сыртқа кетті. Осы тұста айта кететін нәрсе  – Қазақстан азамат­тары үшін бала асырап алу қиынның қиы­ны болса, шетелдіктер үшін бұл әлд­еқай­да жеңіл. Олардың отбасы то­лық­қанды ма, жоқ па, әлеуметтік жағ­­дайы қандай екені де тексеріле бер­­мейді.

Соңғы уақытта шетел асқан қазақ ба­лалардың есі кіріп, етек-жеңін жи­ған соң туған ата-анасын іздеуі жиі­леп кетті. Осының алдында ғана Тео­дор есімді (Марат) баланың бауы­ры­мен қауышқанын жарыса жазып едік. Енді күні кеше Сара (Әсел Асыл­бекова) есімді америкалықтар асы­рап алған қыз туған анасын іздей­тіні жайлы хабарландыру беріпті. Жат жердің аты – жат жер. Ал елі­міз­де бала асырап алушыға қойылатын та­лаптар соншалықты қатал ма? Не­ліктен қазақтың баласын қазақ емес,  өзге ұлттар бауырына баса береді?

Бала асырап алудың машақаты көп

Балалар үйінен кез келген баланы асы­рап алуға болады. Бірақ ол оңай шаруа емес. Ата-ананың мыңдаған ба­ланың ішінен таңдау жүргізіп, ше­шім қабылдауының өзі біраз уақыт ала­ды. Ал құжат рәсімдеуге келгенде бая­ғы қағазбастылық қайта бой кө­тереді. Баланы асырап алудың бір­не­ше құқықтық жолдары бар. Патронат, қорғаншылық, қамқоршылық және толыққанды асырап алу. Біз осының ішінде толыққанды асырап алудың жайына тоқталсақ. Ата-ана таңдау жа­сап, шешім қабылдады делік, со­дан соң әуелі 9 түрлі құжатты жи­най­ды. Бірақ құжат деген аты ғана бол­ма­са, бұл сіздің тарихыңыздан бас­тап, материалдық жағдайыңызға дейін жүргізілетін тексеру іспетті дү­ние. Табыс көлемі, отбасы мен туыс­тары жайлы ақпарат, денсаулық жағ­дайы, қылмысқа қатысы жоқ­ты­ғы, тіпті баспанаңыздың бар-жоғына да есеп бересіз.

– Әр сәбидің жеке дерегі элек-трон­ды базада болуы тиіс. Бірақ бала­лар үйі оны толтырмайды. Сон­дық­тан онсыз да қағазбастылық­тың шар­шататынын білген ата-ана таңдау еркінен айырылғанда жарты жолдан тоқтауға мәжбүр болуы да мүмкін. Осы мәселені жөнге салса, қалғанын шешуге болады, – дейді «Ми­ло­сер­дие» қайырымдылық қорын құрушы Аружан Саин.

Ал елімізде бала асырап алу құ­пия­сы заңмен қорғалады. Демек, жаңа ата-анасына баланы беру жай­лы сот шешімі шыққаннан кейін ба­ла биологиялық ата-анасынан то­лыққанды ажырайды. Бала есейген соң асырап алған ата-ана оның өз­де­рінен тумағанын айтуға толық құ­қылы.

Көп жерде бір тәмсілді жиі естіп жа­­та­мыз. «Бала тапқандікі емес, бақ­қан­­дікі» дейді кейбіреу. Бұған келіс­пей­тіндер де жетерлік. Дегенмен қа­рау­­сыз қалған сәбиді асырап алған отан­­дастарымыз бен шетелдіктерді ой­ла­сақ, бұл сөзге сенгіміз-ақ келе­тін­дей.

Мадияр ТӨЛЕУ

 
ID: 0
Тегтер: асыраушыбалабалалар үйіжетімдер үйістатистика
Алдыңғы жаңалық

Қостанайдағы оң өзгерістер

Келесі жаңалық

«Іленің атырауын бүлдірсек, Балқаштан айырыламыз» – Анар Тілеулесова

Ұқсас жаңалықтар

Индустрия
Nur Otan

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев
Жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
Сауран
Жаңалықтар

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 16:52

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 16:42

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 16:39

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 16:23

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 16:00

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 15:53

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 15:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Индустрия

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»