Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Ленин көшесіне Абайдың есімі берілді

«Айқын» ақпарат
Қараша 14, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Абай

Қарағандыда қазақтың ұлы ойшылы Абайдың есімі Ленин көшесіне берілді. Бүгін Қарағанды облысында Абайға арналған сегізінші ескерткіш ашылды.

– Ұлы ойшылдың шығар­ма­ла­рын құрметтеу және наси­хат­тау – біздің парызымыз. Бар­шаңыз­ды Қарағандының басты кө­шелерінің біріне Абай есімін беруі­мен құттықтаймын. Бұл үл­кен құрметтің белгісі. Абай – елі­міздің мақтанышы ғана емес, ол әлемдік деңгейдегі айтулы тұлға. Оның еңбектері әлі күнге дейін баршамыз үшін рухани азық, – дей­ді Қарағанды қала­сының әкі­мі Ермағанбет Бөлек­паев.

Көшенің ашылуына Dacia ру­­мын этномәдени орталығы­ның Жастар қанатының жетек­ші­сі Александр Урмашов арнайы қатысты.

– Қаламызда ұлы ойшыл Абай­­дың есімімен аталатын кө­ше­­нің пайда болғаны өте жақсы. Оның еңбегі мен үлесі бүкіл әлем­­­де мойындалған. Биыл Бу­ха­рестте Абай бюстінің ашылуы өтті. Бұл Қазақстанның ұлттық жаң­ғыруға деген ұмтылысын бү­кіл әлем қолдайтынын білдіре-ді, – дейді Александр Урмашов.

Жылы киім сұраймын деп жұмыссыз қалды

Қарағандыда әкімдік терезесінен ер адам құлап кетіп, көз жұмды

Қорғаныс министрлігі Су-30СМ ұшағы апатының себебін айтты

Абай

Қарағанды облысындағы аудан орталығы Абай қаласында ұлы ақынға  ескерткіш ашылды. Биік­тігі 10 метрге жуық ескерт­кіш мәдениет үйінің алдындағы алаңға орнатылды. Жоба авторы – Қазақстан Суретшілер Одағы­ның мүшесі Бейбіт Мұстафин. Ес­керткішті құюға 5,6 тонна қо­ла жұмсалған. Бұл аймақтағы ұлы ойшылдың құрметіне ашыл­ған сегізінші ескерткіш. Алғаш­қы мүсіндер жарты ғасыр бұрын пайда болған.

– Биыл еліміз ұлы Абай Құ­нан­баевтың 175 жылдығын атап өтуде. Ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев атап өткендей, бұл ұлттың рухани дамуына және халықтың бірлігіне ықпал етеді. Біздің облыста мерейтойлық да­таға арналған жүздеген іс-ша­ра­лар өтті. Бүгін біз қазақ хал­қы­ның данышпан ұлына тағы да құр­мет көрсетудеміз. Абайдың шы­ғармашылығы және дана қа­ра сөздері бүгінгі күнге дейін өзек­ті. Біздің міндетіміз – осы бай­лықты сақтап, оны кейінгі ұр­пақ­қа жеткізу, – дейді өңір бас­шысы Жеңіс Қасымбек.

Ескерткіштің ашылу сал­та­натына қала тұрғындары мен Мәжіліс депутат­тары, абай­тану­шылар қатысты.

– Абай – ұлтымыздың бола­шақ­қа деген ұлы жолы, рухания­ты­мыздың алтын діңгегі. Қазақ хал­қының барлық ұлы қасиеттері Абайдың мұрасында, оның дана ойларында жатыр. Интеллек­туал­ды және білімді ұлтты қа­лып­тастыру, сананы жаңғырту – мұның бәрі Абайдың рухани мұ­ра­сының қазынасын білуге мүм­кіндік береді. Оның даналы­ғы әрбір адамның жүрегіне мейі­рім­ділік ұялатады, – деп атап өт­ті Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Аманжол Әлтаев.

Бұл күні Абайда жергілікті ақын­дардың «Абай жаққан бір сәу­ле…» атты жинағының тұсау­ке­сері өтті. Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің әлемнің 18 тіліндегі «Абай жолы» роман-эпопеясы­ның дискілі жинағы ұсынылды. Кітап­тарды Шахтинск қаласы­ның орталық кітапханасымен бірлесіп цифрлаған.

Абай

Қарағанды облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай көрмелер, мәнерлеп оқу бай­қаулары, ғылыми-тәжіри­бе­лік конференциялар, чел­лен­дждер және басқа да іс-шара­лар өткізілді. Мерейтойға орайлас­ты­рылған спектакльдер қойыл­ды.

– Мен әлемнің барлық клас­сик ақындарының шығарма­ла­рын оқыдым: Пушкин, Гете жә­не басқалар. Бірақ Абай шы­ғар­малары – бөлек шексіз шы­ғар­машылық тұңғиық. Бүгінде оның барлық шығарма­лары орыс тіліне аударылмаған. Абайды білу үшін қазақ тілін үй­рену керек», – дейді Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген өнер қай­рат­кері, халықаралық Абай клубы сыйлығының лау­реаты Серік Ақсұңқарұлы.

Облыста 1 қала, 77 көше жә­не 12 мекеме Абайдың есімі­мен ата­лады.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

 
ID: 0
Тегтер: АбайескерткішкөшеҚарағандыЛенин
Алдыңғы жаңалық

Ақтауда теңіз жағасындағы жартас опырылып құлады

Келесі жаңалық

Көкшетауда мүгедек жігіт курьер болып, күніне 3 мың теңге тауып жүр

Ұқсас жаңалықтар

Индустрия
Nur Otan

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев
Жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
Сауран
Жаңалықтар

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 16:52

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 16:42

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 16:39

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 16:23

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 16:00

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 15:53

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 15:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Индустрия

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»