Коронавирус мутацияға ұшырады
Коронавирус мутацияға ұшырады

АҚШ-тағы Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының мутацияға ұшырағанын растады. Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылған.

Зерттеушілер вирустың Еуропада пайда болған және қазір бүкіл әлемде кеңінен тараған D614G штамына талдау жүргізді. D614G штамы тез көбейіп, оңай тарайтындығына қарамастан, Қытайда тараған штамға қарағанда қауіпті емес. Сонымен қатар ол антиденелері бар препараттармен бейтараптандыруға әлдеқайда сезімтал болып шықты және оңай емделеді.