Түнде жортқан жеткіншек
Түнде жортқан жеткіншек
189
оқылды

Кейінгі уақытта балалардың түнгі уақытта көше кезуі көбейіп кеткен. Соның салдарынан қылмыс жасау, ішімдік ішу, темекі, наша шегу, психотропты заттарды пайдалану азаймай тұр. Бұған кім кінәлі?

Негізі біз бір келеңсіз жағдай орын алса, «заман кінәлі» деп уақытқа сілтей саламыз. Бірақ сол аталарымыз өмір сүр­ген уақытта қиыншылықтар бол­мады ма? Олар алапат соғысты да, қудалауды да, ашаршылықты да көрді. Сонда да бала тәрбиесі жоғары тұрды. Өйткені олар ұрпақтың санасына құнды­лық­тарды дарыту арқылы ұлтын сақтап қалатынын білді, сақтап та қалды.

Ал қазір болса жеткін­шек­тердің қылмысқа бару мә­селесі тек құқық қорғау орган­дарының ғана емес, ата-ана­ның, мек­теп­тің, басқа да мем­лекеттік және үкіметтік емес ұйым­дардың бас ауруы болып тұр. Психологтардың айтуынша, ба­ланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұя­да, мектеп қабырғасында, кө­шеде көрген өнегесі ерекше орын алады. Оны айтасыз, Ішкі істер министрлігі 2007 жыл­дан бастап орта білім бере­тін оқу ордаларының жаны­нан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспек­тор­лары тобын құрып та тас­та­ды. Сол уақыттан бері он екі жыл мұғдары болса да, жас жет­кін­шектер арасындағы қыл­мыс­ты азайту қиын болып тұр. Сонымен бірге түнде жорт­қан жеткіншектер де үлкен мә­селеге айналды. Нақты дә­лелге көшейік. Мысалы, Ба­тыс Қазақстан облысында «Қайыр­шылық» жедел ал­дын алу шарасы өткізілген бо­ла­тын. Облыстық Полиция депар­таментінің баспасөз қыз­меті хабарлағандай, үш күн­де түнгі уақытта 155 жасөс­пі­рім­нің қараусыз жүргені анық­талған. Басқа қаладан кел­ген 4 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Қоғамдық орындарда қайыр­шылық жасағаны үшін 7 адам анықталған.

Ал Шымкент қаласы Ең­бекші ауданы аумағында 28 қазан мен 2 қараша аралығында полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық жасауына жол бермеу, құқықтық ақпа­раттандыру, саламатты өмір салтын насихаттау және қада­ғалаусыз балаларды, сон­дай-ақ қоғамға қауіпті іс-әре­­­кеттер жасайтын және құ­­қық­­бұзушылық жасауға бейім кә­ме­летке толмағандарды анық­­тау, ба­лаларды тәрбиелеу бойын­ша өз міндеттерін орын­да­майтын ата-аналарды жауап­кершілікке тарту мақсатында өт­кен шарада полиция бөлім­шесіне 32 кәмелетке толмаған жеткіншек жеткізілсе, оның ішіндегі 6-уы кәмелетке толма­ғандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Ең сорақы­сы, «жасы он сегізге толмаған жас­өспірімдердің қоғамдық орынға мас күйде келуі» бойын­ша әкімшілік хаттамалар тол­тырылған.

Ішкі істер министрлігі мә­ліметінше, жыл сайын әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін полиция органдарына шамамен 100 мың кәмелетке толмаған балалар жеткізілетін көрінеді. 2019 жылдың бастапқы сегіз айында жүргізілген жұ­мыстың нәтижесінде түнгі уа­қытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде 46 мың қадағалаусыз жүрген балалар анықталған.

Мамандар көбіне жасөс­пі­рімдерді қылмыс жасауға «От­ба­сындағы қолайсыз жағ­дай, сабаққа бармау, оқу орын­дарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, өздерінің құқығын дұрыс білмеуінен» деген фак­торлар итермелейді деп тұжы­рым­дайды.

Айта кету керек, қазір қа­зақ бесікті ұмытып барады. Әженің әлдиі емес, ұялы теле­фондағы шетелдік музыка­мен ұйықтайтын, қазақтың анимациясы емес, басқаның шүлдірлеген тілімен жасал­ған мультфильмдерді тама­ша­лайтын ұрпақ өсіп келеді. «Жыламаса болды» деп туға­нынан қолына планшет пен «сотка» ұстатқан сәбиіміздің өсе келе сол интернеттің құлы бола­тынына мән бермейміз. Ма­ман­дардың айтуынша, әр­түрлі атыс-шабыс, виртуалды адам өлтіру ойындары бала­лар­ды ызақор қылады екен. Мысалы, сол компьютердегі ойын­да жеңіліп қалған бала ашуға мінеді. Шынайы өмірді ұмытады. Бірте-бірте өз әлеміне кіре береді. Түптің-түбінде адам өлтіру, басқа адамды ұру немесе ұрлық жасау мен тонау­ға шімірікпей баратын «зом­би» өсіп шығады. Осыны ұмыт­пауымыз керек. Айғақ керек пе? Міне, 2018 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Палмдейлдегі «Хайлэндте» оқи­тын 14 жастағы оқушы мек­тепке қаруланып келіп, өзі­нің сыныптасын атыпты. Құдай сақтап, жарақат алған оқушының өміріне қауіп төн­беген. Сол жылы Флоридада мектептегі атыс кезінде он жеті адам қаза тапқан. Осының ал­дын­да 2014 жылы Эстонияда елді дүрліктірген қылмыс бол­ды. Вильянди қалашығында 15 жастағы оқушы 56 жастағы мұ­ғалімін мектептегі сабақ кезінде атып тастаған.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есей­ген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өт­кір мәселе екенін мойын­дау­ға мәжбүрміз. Қазақстанда қылмыстық жауапқа 16 жастан бастап тартылады. Дегенмен аса ауыр қылмыс жасағандар 14 жастан жазаланады. Оларды тәрбиелеп жөнге салатын орын­дар үшеу. Әкімшілік құқық­бұзушылық жасаған балалар жіберілетін арнайы білім беру ұйымының саны жетеу болса, онда 150-ден аса жеткіншек бар. Ал арнайы режимде ұстайтын білім беру ұйымына 14 жасқа толмай қылмыс жасағандар барады. Ондағы бала саны – 15. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар қамалатын бір ко­лония бар. Осыған қарап-ақ біз елімізде балалар арасындағы қылмыстың азаймай тұрғанына көз жеткіземіз.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәр­биесі. Сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келе­шекте үлгілі отбасы иесі болсын деп тәрбиелеген. Балаларды патриоттық сезімге баулып, салт-дәстүрді сақтай отыра, мә­дени-рухани құндылықтарды бойына дарытуымыз керек. Сонда ғана жеткіншектердің қылмысына балта шаба аламыз.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ