Қант диабетіне шалдыққансыз ба?
Қант диабетіне шалдыққансыз ба?
108
оқылды

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабеті күні.

Елордадағы №6 қалалық емхана эндокринологы Ғалия Үржанова қант диабеті кезінде асқынулардың алдын алу жолдары  мен оның қалай анықтауға болатыны туралы айтты. Қант диабеті – эндокриндік ауру, қандағы глюкозаның жоғары деңгейімен сипатталады. Қант диабетінің негізгі екі түрі бар: Инсулинге тәуелді қант диабеті. Ауру ұйқы безінің дисфункциясымен байланысты; Инсулинге тәуелді емес қант диабеті. Аурудың бұл түрі инсулинге сезімталдықтың жойылуынан болады. 2-ші типті қант диабетінде жасушалар инсулинге сезімталдығын жоғалтады және қандағы глюкозаның деңгейі жоғарылайды. Әдетте, ауру семіздік аясында дамиды. «Адамдар қант диабетімен өмір сүре алады және өз сырқаты туралы білмеуі де мүмкін. Кейбіреулер ауру белгілерін елемейді, дегенмен бұл кезде қант диабеті олардың ағзасын бұзып жатыр», - деді №6 қалалық емхана эндокринологы. Аурудың негізгі факторлары:
  • Семіздік;
  • Генетикалық бейімділік;
  • Қабыну процестері: инфекция және қабыну аурулары ұйқы безінің зақымдануына және оның секреторлық қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін;
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Стресс: ауыр күйзеліс жағдайлары аса қауіпті.