Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы оқиғаға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Департаменттің мәліметінше, ер адамның мәйіті 10 қарашада 28а ықшамаудандағы құрылысы аяқталмаған үйден табылған.«Аталған дерек бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта өз-өзіне қол салу себептері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.