КСРО халық әртісі Армен Джигарханян қайтыс болды
КСРО халық әртісі Армен Джигарханян қайтыс болды
133
оқылды

КСРО халық әртісі Армен Джигарханян сенбіге қараған түні 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "РИА Новости" ақпарат порталына Джигарханян театрының өкілі естірткен.

"Бүгін түнде қайғылы көрнекті әртіс, көшбасшы, өз есімімен аталатын театр жетекшісі Армен Борисович Джигарханян қайтыс болды", - деді агенттікке сұхбат берген адам. Армен Джигарханян - актер, театр режиссері. Ол "Здравствуйте, я ваша тетя!", "Место встречи изменить нельзя", "Собака на сене", "Ширли-мырли" және басқа да картиналарда ойнаған. Джигарханян 1996 жылдан бастап Мәскеу драма театрының директоры. Театр репертуарында әйгілі "Дон Жуан", "Ромео мен Джульетта", "Мың бір түн", "Ревизор", "Үш апалы-сіңлілі" және басқа да шығармалардың негізіндегі қойылымдар бар.