ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмысы ішінара газға ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін газ қазандықтары ресми түрде іске қосылды. Ол үшін бірнеше ай бойы жабдықтарды ауыстыру, қорғау, желдету және газ шаруашылығы жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қалған қазандықтарды газға ауыстыру жұмыстары жалғасады. ЖЭО қазандықтарының жұмысын газға ауыстыру қоршаған ортаға көмір шаңы, күкірт сияқты зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайтады. Сонымен бірге елдімекендердегі жеке сектордағы үйлер газға көшіріле бастады», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.Әкім 19 әлеуметтік нысанды автономды қазандықтардан газға көшіру бойынша (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер) жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.