Ақмола облысында әйел өз қызына пышақ жарақатын салған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қарашада 35 жастағы мас күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.
"Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған", - дейді ведомстводан.
Белгілі болғандай, 58 жастағы күдікті әйел 1997 жылы ҚР ҚК 195-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған. «Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», - деп толықтырды полиция.