Бүгін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды
Бүгін Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қатынамайды
126
оқылды

Жексенбі күні 15 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады.

Дүйсенбі күні 16 қарашада автобустар қалыпты режимінде қайтадан қатынайды. "Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді. Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз" делінген баспасөз хабарламасында.