Ер адам коронавирустың салдарынан 8 саусағынан айырылды
Ер адам коронавирустың салдарынан 8 саусағынан айырылды
117
оқылды

Коронавирусты жұқтырған 53 жастағы америкалық Грегг Гарфилд қолынның сегіз саусағынан айырылды.

Lenta.ru-дың мәлімдеуінше, ер адам инфекцияны Италияда демалуға барғанда жұқтырып алыпты. Ол сол жаққа ақпан айының соңында достарымен шаңғы теуіп, үш күндей қонақүйде болған. Елге оралған соң өз дәрігеріне жолығып, қаралған болатын. Наурыз айының басында Грегг Гарфилд ауруханаға жатқызылып, оның коронавирустың бары анықталды.

Ауруханада ол тыныс алу аппаратына қосылған. Алайда көп ұзамастан ауруы асқынып, сепсис және стафилококк инфекциясына ұшырады. Дәрігерлер  Греггтің өмірі үшін күресті. Себебі, оның өмір сүру мүмкіндігі 1% -ды ғана құраған. Қан айналымының жұмысы бұзылуына байланысты дәрігерлер оған 7 ота жасап, қолының сегіз саусағының жартысын кесіп тастады. Сөйтіп, сәуірде ер-азаматты палатаға ауыстырып, екі айдан кейін ауруханадан шығарылды. Сол уақытта ол 22 келіге дейін салмақ тастап, жүдеп кеткен. Италияда бірге демалған бұл азаматтың бес досы да коронавируспен ауруханаға түсті.