Танымал КВН-ші жансақтау бөліміне түсті
Танымал КВН-ші жансақтау бөліміне түсті

Ресейлік тележүргізуші әрі шоумен Дмитрий Хрусталев ауруханаға түсті.

Дәрігерлер ақпараттық агенттікке шоуменнің жағдайы туралы айтпаған. Ресейлік БАҚ мәліметінше, Хрусталев қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, шоуменнен коронавирус табылған.
Mash Telegram-каналы Хрусталевті жасанды комаға жатқанын хабарлады.
Дмитрий Хрусталев "Сборная Санкт-Петербурга" командасының құрамында КВН-нің Жоғарғы лигасындағы ойнаған. 2008 жылдан бастап Comedy Woman бағдарламасында ойнаған. 2013 жылы "Вечерний Ургант" бағдарламасының екінші жүргізушісі атанды.