Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері заңсыз ағаш кесудің екі тұрақты фактісін анықтады.
Тексеру кезінде «Қазавтожол» ҰК »АҚ мемлекеттік орман иесі аумағында, 14-21-ші шақырым жерде,Укринка ауылына бұрылысында ағаштар қатарынан кесіліп, бұта-бұта болып сынып жатыр. «Бұл жердегі ағашты кесуге 2019-2020 жылдары аралығында рұқсат берілмеген. Санақ бойынша, 336 ағаш кесіліпті, оның 232-і терек, 79-ы балдыр мен 25-і үйеңкі. Жалпы, табиғатқа 314103 теңгеге залал келтірілді», - деп хабарлады инспекциядан. Заңсыз ағаш кесудің екінші фактісі Шығыс Қазақстан облысы, Улан ауданының әкімшілік аумағында, атап айтқанда Өскемен – Бозанбай тас жолының 23-ші шақырымында, Сібе өзенінің сол жағалауында анықталды. Мұнда кесілген 19 терек кесілген.