Мемлекеттік бағдарламаның үйлері пенопластан салынған
Мемлекеттік бағдарламаның үйлері пенопластан салынған
133
оқылды

Өскеменде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер тұруға жарамсыз.

Tengrinews-тің жазуынша, жоспар бойынша осыдан 7 жыл бұрын қаладағы 22-ықшамаудан мемлекеттік тұрғын үй бағдарлама бойынша ең үлгілі аудандардың бірі болуы керек беді. Жоспар бойынша 113 жеке үй, балабақша, мектеп салыну керек.

Алғашқы болып мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алғанның бірі — қала тұрғыны Олеся Шарапеева. «Олар жаңа құрылысты бастаған кезде, тіпті бізге көрсетті, мына жерде бақ, мұнда мектеп болады», — деп сол кезді қазір еске алады. Жол салды. Мердігер компания үйді салуға құм, цементтің қолданды. Бірақ, екінші бөліктегі үйлер пенопластан салынды. «Пенопластан салынған үйде қалай тұруға болады?» дейді амалы таусылған тұрғын Түсіпхан Қоңырбаев.  Ол қыста -40 аязда баратын жері болмаған соң, мемлекеттік бағдарламаның үйін сатып алған. Тұруға жарамсыз болған соң толықтай қалпына келтірген.

Осы жағдайға байланысты Өскемен қаласының құрылыс бөлімі 2012 жылдан бері құрылыс компаниясымен соттасып жатыр.