Коронавирусқа байланысты Ұлттар лигасының матчы өтпейтін болды
Коронавирусқа байланысты Ұлттар лигасының матчы өтпейтін болды
5,130
оқылды
УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Румыния мен Норвегия құрамалары арасында 15 қарашаға жоспарланған матчты өтпейтін болды, - деп хабарлайды R-Sport. Бұған дейін норвегиялық ойыншы Омар Элабделлауиден коронавирус табылған. Осыдан кейін бүкіл ұлттық құрамасы Норвегия заңдарына сәйкес Осло қонақ үйлерінің бірінде карантинге жабылды. Норвегия футбол қауымдастығы (NFF) жергілікті денсаулық сақтау органдарынан коронавирус жағдайына байланысты команданың шетелге шығуына тыйым салынатыны туралы хат келгенін хабарлады. Осы жағдайға байланысты Норвегия құрамасы Румынияға қарсы Ұлттар лигасы матчына бара алмады.
УЕФА бұл іс одақтың тәртіптік комитетіне жіберілгенін хабарлады. Норвегия құрамасына техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін.
Норвегиялықтар төрт матчтан кейін тоғыз ұпаймен Ұлттар лигасының В дивизионы 1-тобында екінші орында тұр. 18 қарашада турнир аясында олар сырт алаңда Австриямен кездесуі керек.