Математикадан берілген тапсырманы баласына түсіндірмек болған ана ауруханадан бір-ақ шықты
Математикадан берілген тапсырманы баласына түсіндірмек болған ана ауруханадан бір-ақ шықты

Қытайда баласының сабағын түсіндіріп отырған ана баласының сабақты түсінбегеніне ашуланған.

Asia One ақпаратына сілтеме жасаған «Спутник Қазақстанның» хабарлауынша, 3-сыныпта оқитын бала математикадан берілген тапсырманы түсінбеген. Бұған қатты ашуланған анасының денсаулығы сыр берген.

Қытайда баласына үй жұмысын түсіндіруге тырысқан әйел ауруханаға түсті. Дәрігерлердің болжамынша, әйел миокард инфарктісін алған.

Оқиға Қытайдың Хубей қаласында болды. 36 жастағы әйел ұлына тапсырманы бірнеше рет түсіндірген. Бірақ бала мүлдем түсіне алмапты. Сол кезде әйел кенет өзін жайсыз сезінген.

«Мен өте қатты ашуландым. Жүрегім дүрсілдеп соға бастады. Дем алу қиындап кетті», — деді әйел.

Әйелінің жағдайын көрген күйеуі бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер миокард инфарктісі деген диагноз қойған.

Кейін әйел баласына жиі ашуланатынын айтты. Әйелдің айтуынша, ашуланудың соңы жүрек ауруына ұласатынын білмеген.