«Барыс» минскілік «Динамодан» жеңілді
«Барыс» минскілік «Динамодан» жеңілді
130
оқылды
Бұл командалардың осы маусымдағы екінші кездесуі еді. 5 қыркүйекте Минскіде өткен кездесуде барыстықтар қосымша уақытта жеңіліп қалды. Минск клубы  әу бастан қарсыласынан басым түскен болатын. Алғашқы екі таймда қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезеңде үшінші голдан кейін ғана «Барыс» тиімді шабуыл жасап, есепті қысқартты. Алайда осыдан кейін астаналық клуб тағы да өз қақпасына шайба жіберіп алды.