Айбол Әбікен алаң ортасынан Албания қақпасына ғажап гол соқты – видео
Айбол Әбікен алаң ортасынан Албания қақпасына ғажап гол соқты – видео
5,311
оқылды
Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан сырт алаңда Албаниямен кездесіп жатыр. Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның 16 минутында есепті Албания құрамасы ашты. Араға жеті минут салып Ардиан Исмайли есепті екі еселеп үмітімізді ұрлағандай болды. Алайда Қазақстан құрамасының қорғаушысы Айбол Әбікен алаң ортасынан шірене теуіп, есепті қысқартты. Айболдың соққысы расымен ерекше шықты.  

Бұл С тобындағы бесінші кездесу. Біздің ұлттық құрама 4 ұпаймен турнир кестесінің соңында. Албания 5 ұпаймен 3 сатыға жайғасқан.