Сенат отырысында аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі талқыланды.
«Көптеген ауылдың, әсіресе шекарадағы ауылдық жерлердің «Ауыл — ел бесігі» жобасына енбегені бізді толғандырып отыр. Ол жерде де біздің азаматтарымыз тұрады. Олар да мектеп мен ауруханаларға мұқтаж», — деді комитет төрағасы Әли Бектаев.