Сәтбаевта 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірген
Сәтбаевта 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірген

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған қыз оқиға орнында қайтыс болған.

15 қараша күні сағат 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаладағы саяжайлардың бірінен ит талаған 6 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер жәбірленушінің ата-анасымен бірге саяжайда бір үйде тұрғанын анықтады. Сол күні үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген қыз иттердің арасында жалғыз қалып қойған.

«Қайғылы өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полицейлер баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін қарап жатыр. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринарлық қызметтерге нұсқама жолданды», – дейді полицейлер.