«Атырау – Алматы» рейсін орындау барысында ұшақтың желдеткішінен ақау шыққан.
Сондықтан ұшақтың командирі Атырау әуежайына қайта оралуға шешім қабылдады. Қону штаттық режимде орындалды.Scat авиакомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Старожилованың айтуынша, жолаушылар қонақүйге орналастырылды. Еске сала кетейік, біз бұған дейін Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақтың құстармен соғысып, кері қайтқанын жазған болатынбыз.Жолаушыларды Алматыға таңғы рейспен жөнелту жоспарда бар.