Мекеме өкілі такси жүргізушісінен жапа шеккен қызға жауап берді
Мекеме өкілі такси жүргізушісінен жапа шеккен қызға жауап берді
139
оқылды
  Жәбірленуші: «Бұл адамның қаншалықты қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Оны әлі ұстаған да жоқ. Қолма-қол ақша төледім. Бірақ ол менің баруым керек мекенжайға жеткізіп салмады. Оған қоса, маған қол көтеріп, әлімжеттік көрсетті. Оған неге осы уақытқа дейін іздеу жарияламаған? Ол қоғамға қауіпті. Үш апта бойы күттім, бірақ шыдамым таусылды», – деп жазды тұрғын. Такси қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Такси қызметі қолданушымен әрдайым байланыста. Жүргізуші бұл сервисте бұғаттаулы. Жүйедегі мәліметке қарағанда, ол қызды қосымшада көрсетілген мекенжайға дейін апарып тастады. Көлікте ешқандай қару болмаған. Бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының өкілдері анықтауы қажет», – дейді такси қызметіндегілер.