Еңбек ауылының оқушылары дәлізде оқып жүр
Еңбек ауылының оқушылары дәлізде оқып жүр

Алматы облысының оқушыларына мектеп жетіспейді.

Сынып бөлмесінің жетіспеушілігі туралы Дінмұхаммед Қалықұлов Facebook-тегі парақшасында: «Балаларға кабинет жетіспегендіктен, олар дәлізде оқиды. Бұл мектепте акт, спорт залдары, асхана жоқ. Бар болғаны төрт бөлме ғана бар. Жоғары сыныптың оқушылары көрші ауылға барып білім алады. Ал мына жерде бастауыш сыныптың балалар оқиды. Олардың жалпы саны — 72. Жиырма жылдан бері осындай жағдай. Ал жаңа мектепке жер бөлінген. Қашан салынатыны белгісіз», — деп жазды.

Осы мәселеге қатысты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі осы аталған проблемаға байланысты жаңа мектептің жобасы дайындалып жатқанын ғана жазған.