Түркістаннан алғашқы халықаралық авиарейс қай елге ашылатыны белгілі болды
Түркістаннан алғашқы халықаралық авиарейс қай елге ашылатыны белгілі болды
Өмірзақ Шөкеев Түркістан халықаралық әуежайынан шетелдік және ішкі рейстер қашан жолға қойылатынын жеткізді. Қазір рейстердің ашылуы пандемияға байланысты болып тұр. «Пандемия сәл бәсеңдесе, бірінші Түркияның Стамбұл қаласына рейс ашылады. Одан кейін Меккеге ашылуы мүмкін. Оны енді уақыт көрсетеді. Ал 1 желтоқсаннан бастап күнделікті ішкі рейстерді бастаймыз.», – деді Өмірзақ Шөкеев.